Еңбек министрлігінің атынан жалған ақпарат тарады

Oinet.kz 27-02-2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2026 жылы біржолғы 432 500 теңге төлем тағайындалатыны туралы тараған хабарламаларға түсініктеме берді.

Screenshot_1.jpg

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желіде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан көрінеді. Министрлік аталмыш ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.

“Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз”, – делінген хабарламада. 

Еңбек министрлігі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберілетінін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланатынын атап өтті. 

Бір операция – 80 тас: Түркістан дәрігерлерінің сәтті тәжірибесі
Қазақстандық депутаттар азық-түлікке қанша қаржы жұмсайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу