Қазақстандық депутаттар азық-түлікке қанша қаржы жұмсайды

Oinet.kz 27-02-2026

Мәжіліс депутаттары ай сайын азық-түлікке қанша қаржы жұмсайтынын айтты. Олар берген жауаптан отбасы шығыны әртүрлі екенін байқауға болады. Бірі ай сайын табысының едәуір бөлігін тамаққа жұмсаса, енді бірі апта сайын шығындалады екен. 

Screenshot_2.jpg

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, оның отбасында азық-түлікке ай сайын 300-500 мың теңге жұмсалады. Депутаттың жалақысы 900 мың теңгеден сәл асады.

Ал Айдос Сарым аптасына кемінде 50-60 мың теңге тамаққа кететінін айтты. Никита Шаталов та дәл осылай жауап берді. Ол да апта сайын азық-түлікке 40-50 мың теңге жұмсайды екен. 

“Отбасымда төрт адам бар. Шамамен апта сайын 40-50 мың теңге кетеді. Бұл базар және берген тапсырыстарға кететін шығын”, – деді Шаталов. 

Айдарбек Қожаназаров апталық азық-түлік шығыны 80-100 мың теңге шамасында екенін жеткізді.

“Менің отбасым үлкен. Үйдің үлкенімін, сондықтан көп қонақ келеді. Шамамен аптасына 80-100 мың теңге жұмсаймыз”,  – деді депутат. 

Мұрат Әбенов отбасылық табысының шамамен жартысы азық-түлікке кететінін айтты. Ал Ринат Зайытов айлығының жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалатынын айтты. Ал Ермұрат Бапи нақты соманы айта алмады. Оның сөзінше, азық-түлік сатып алумен жұбайы айналысады.

“Бұл іспен әйелім мен балаларым айналысады. Білмеймін, сондықтан айта алмаймын. Өтірік айтпай-ақ қояйын”, – деді Ермұрат Бапи. 

Еңбек министрлігінің атынан жалған ақпарат тарады
Әкімді бопсалаған блогер 3 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу