Сөз мәдениеті – жауапкершілік

Oinet.kz 27-04-2026

Screenshot_2.jpg

Пушкин кітапханасында «Цифрлық дәуірдегі сөздің тағдыры: мәтін қалай өзгерді?» тақырыбында өткен талқы мазмұнды пікір алмасуға ұласты.

Жиын барысында қатысушылар цифрлық жазу мен қолма-қол жазудың маңызын салыстыра отырып, олардың ойлау жүйесіне, мәтін құрылымына және тілдік сауатқа әсерін талқылады. Қолмен жазудың зейін мен есте сақтау қабілетін күшейтетіні айтылса, цифрлық жазудың жылдамдық пен қолжетімділік тұрғысындағы артықшылықтары нақты мысалдармен негізделді.

Сонымен қатар, электронды құралдарда мәтінді сауатты жазу мәселесі кеңінен көтерілді. Қысқартуларды орынсыз қолдану, орфографиялық және пунктуациялық қателердің жиілеуі, мәтін сапасының төмендеуі сияқты проблемалар талқыланып, цифрлық ортада да тіл мәдениетін сақтау қажеттігі аталып өтті.

Жиынның маңызды бағыттарының бірі — мемлекеттік тілді күнделікті диалогта кеңінен қолдану. Қатысушылар қазақ тілінің тек ресми кеңістікте емес, тұрмыстық, кәсіби және цифрлық коммуникацияда белсенді қолданылуы оның өміршеңдігін айқындайтынын жеткізді.

Screenshot_1.jpg

Талқыға М. Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің студенттері қатысып, 40-тан астам оқырман жиналды. Спикерлер ретінде Азамат Бастарбек пен Дариға Оңғарбай өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесуді ақын, Америка Авторлар гильдиясының мүшесі, кітапхана қызметкері Сүндет Сейітов жүргізді.

Ашық форматтағы пікір алмасу қатысушыларға өз көзқарасын білдіруге, ортақ тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Занял 1 место в США и 2 место в Сингапуре по роботехнике
Солтүстік Кореяда Оңтүстік Корея контентін көргені үшін өлім жазасы көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу