"Жастар – ел келешегі" тақырыбында мазмұнды кездесу өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусында “Ауыл” партиясының Кентау қаласы бойынша “Жастар қанатының” төрағасы Борашов Шоқан Уәлиханұлының ұйымдастыруымен “Жастар – ел келешегі” тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар саясаты, ел болашағындағы жас буынның рөлі, олардың қоғамдағы белсенділігі мен жауапкершілігі туралы маңызды ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, жастарды білімге, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу, ауыл жастарының әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ел дамуына үлес қосуға ынталандырады.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыға алғыстарын білдіріп, осындай тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуына ниет білдірді.


