Еркін күрестен мастер-класс өткізілді

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Жетіген» спорт кешенінде еркін күрестен мастер-класс өткізілді. Іс-шараны «Ауыл» партиясының аудандық аумақтық ұйымының төрағасы, мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы ұйымдастырды.
Шараға қатысқан жас спортшыларға тәжірибелі жаттықтырушылар еркін күрестің негізгі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, практикалық кеңестер берді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.


