Көрмеде 100-ден астам еңбек көпшілік назарына ұсынылды

Oinet.kz 04-05-2026

Screenshot_3.jpg

Бүгін Алматы қаласында талантты шебер Мадина Бәсерқызының қолөнер туындыларына арналған ерекше көрме ұйымдастырылды. Көрмеде шебердің 100-ден астам еңбегі көпшілік назарына ұсынылып, ұлттық өнердің терең тамыры мен заманауи үйлесімі кеңінен насихатталды. Әрбір бұйымнан автордың талғамы мен шығармашылық ізденісі айқын көрініс тауып, келушілердің жоғары бағасына ие болды.

Аталған мәдени шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және өңірлік филиал аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы арнайы қатысып, көрмені тамашалады. Олар ұлттық қолөнерді дамыту мен қолдау — рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

Көрме барысында қонақтар шебердің еңбектеріне жоғары баға беріп, мұндай бастамалар ұлттық мәдениетті дәріптеуде айрықша рөл атқаратынын жеткізді. Мадина Бәсерқызының туындылары – қазақ халқының бай мұрасы мен өнерге деген құрметінің жарқын көрінісі екені сөзсіз.

Еркін күрестен мастер-класс өткізілді
Мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді өзі оқыған мектепте сенбілік жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу