Мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді өзі оқыған мектепте сенбілік жасады

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы өзінің білім алған мектебінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, ұжыммен бірге тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Сенбілік барысында мектеп аумағы тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, жастарға үлгі болып, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.


