"Khazret Group" компаниясының құрылыс жұмыстарымен танысты

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы “Khazret Group” компаниясының жаңадан салынып жатқан фабрикасының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында өндіріс нысанының құрылыс барысы, жобаның жүзеге асырылу кезеңдері және болашақтағы өндірістік мүмкіндіктері талқыланды. Аталған фабрика өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканың дамуына оң ықпал ететін маңызды жобалардың бірі болып табылады.


