"Aulyl Fest" балық шаруашылығы фестивалінің дайындық жұмыстарымен танысты

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы 10 сәуір күні өтетін “Rauan Ranch” демалыс базасындағы “Aulyl Fest” балық шаруашылығы фестивалінің дайындық жұмыстарымен танысты.
Ауқымды шараға дайындық барысы пысықталып, ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Фестиваль аясында балық шаруашылығын дамыту, тәжірибе алмасу және өңірдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсету көзделуде.


