Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде басталды

Oinet.kz 04-05-2026

Screenshot_9.jpg

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы Сәкен Ханибеков, «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және аудан әкімдерінің қатысуымен өңдеу жұмыстарының барысы таныстырылды.

Биыл бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынған. Жалпы саны 408 бірлік бүрку техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде 181 техника – өнім беруші тарапынан, 220 техника – қосымша ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, 80 су тасымалдау техникасы іске қосылған.

Сондай-ақ, заманауи технологиялар кеңінен қолданылып отыр. Атап айтқанда, зиянкестерді анықтау және өңдеу жұмыстарында дрондар пайдаланылып, бұл тәсіл жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруде.

Жалпы, өңірде марокко шегірткесіне қарсы күрес кешенді түрде жүргізіліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілуде.

Балық шаруашылығы фестиваліне дайындық барысы талқыланған жұмыс жиналысы өтті
Төрегелді Оразалыұлы фестивальдің ұйымдастырылу барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу