Балық шаруашылығы фестиваліне дайындық барысы талқыланған жұмыс жиналысы өтті

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлының төрағалығымен филиал қызметкерлерінің қатысуымен 10-11 сәуір күндері өтетін “AUYL FEST” балық шаруашылығы фестиваліне дайындық барысы талқыланған жұмыс жиналысы өтті.
Жиын барысында іс-шараның ұйымдастыру мәселелері, бағдарламасы, қатысушыларды тарту, қауіпсіздік шаралары мен ақпараттық қолдау бағыттары кеңінен қаралды. Сонымен қатар, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, дайындық жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы пысықталды.
Аталған фестиваль ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, балық шаруашылығының әлеуетін арттыруға және өңір кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған маңызды алаң болмақ.


