Қарызы ең көп ел - Қазақстан

Oinet.kz 24-06-2026

Соңғы бес жылда Орталық Азия елдерінің сыртқы қарызы айтарлықтай өскен. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады.

Screenshot_13.jpg

ТМД Статистика комитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, Түрікменстанды есептемегенде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жиынтық сыртқы қарызы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 290,8 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға жоғары.

Қазақстан сыртқы қарыз көлемі бойынша көш бастап тұр. Өткен жылдың қорытындысында еліміздің сыртқы қарызы 181,8 миллиард долларға жетіп, Орталық Азия мемлекеттерінің жалпы қарызының 62,5 пайызын құрады. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның сыртқы қарызы негізінен 161–165 миллиард доллар аралығында сақталғанымен, 2025 жылы айтарлықтай өсім байқалды. Бір жылдың ішінде қарыз көлемі 10,4 пайызға ұлғайды. Ал бұған дейінгі жылдары өсім қарқыны 0,1–2,8 пайыз аралығында ғана болған. 

Сыртқы қарызды ең жылдам өсірген мемлекет – Өзбекстан. Егер бес жыл бұрын елдің сыртқы қарызы қазіргі деңгейден әлдеқайда төмен болса, бүгінде бұл көрсеткіш 89,6 миллиард долларға жетті. Қырғызстан мен Тәжікстанда сыртқы қарыздың өсу қарқыны салыстырмалы түрде баяу. 

Сарапшылардың пікірінше, сыртқы қарыздың көбеюі әрдайым теріс құбылыс емес. Егер тартылған қаражат экономиканың нақты секторына, өндіріс пен инфрақұрылымға бағытталса, ол ұзақ мерзімді даму құралына айналуы мүмкін. Алайда қарыз көлемінің шамадан тыс өсуі бюджетке түсетін салмақты арттырып, қаржылық тәуекелдерді көбейтеді.

Рохан ЧАНДЖЛАНА: Қазақстың Рамазан айы мен үндінің Наваратри мерекесі ұқсас
«Әбдірахымов депутаттықтан дәмелі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу