Ауыл еңбегіне құрмет көрсетілді!

Oinet.kz 30-06-2026

Screenshot_2.jpg

Бүгін Төлеби ауданында “Ауыл” партиясының Төлеби ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Нысанбаев Жасар Тұрашұлы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбек майталмандарымен кездесті.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан зейнеткерлер – Жақыпов Тұрар, Төлтебаев Бекжан, Жәнібеков Сәкен, Әлікұлов Кәрімжан, Сатыбалдин Кемел марапатталды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақсай және Атамекен ауыл шаруашылығы құрылымдарын басқарып отырған азаматтардың да еңбегі жоғары бағаланып, оларға “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік медалі табысталды.

Бұл марапаттар – ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі.

“Ауыл” партиясы ауыл еңбеккерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалап, олардың тәжірибесі мен еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу