Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы!

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ордабасы ауданында Рәміздер аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға “Ауыл” партиясының Ордабасы ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Оразалиев Бауыржан Сералыұлы қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Рәміздер аллеясы – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды нысан. Бұл игі бастама ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыруға қызмет етеді.
Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
#РәміздерКүні #ОрдабасыАуданы #АуылПартиясы #ҚазақстанРәміздері #ТәуелсізҚазақстан


