ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ДӘН РИЗА

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті Зейнеткер» КММ-да зейнеткерлерге санаторлық-емдік және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетіледі.
2026 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша орталықта 1 773 зейнеткер ем қабылдады. Оның ішінде 515-і – ер адам, 1 258-і – әйел.
Ем алушылар мекемеге келген кезде дәрігер тексеруінен өтіп, денсаулық жағдайы мен жас ерекшелігіне қарай емдік шаралар тағайындалады. Зейнеткерлерге физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу, магниттік және электротерапия, ингаляция, фитотерапия, тұзды шахта және басқа да сауықтыру қызметтері ұсынылады.
Мекемеде қазіргі таңда 26 түрлі емдік-сауықтыру шарасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар музыка терапиясы, шахмат, дойбы, үстел теннисі және спорттық-мәдени бағыттағы қызметтер көрсетіледі.
Демалушылар күніне төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ем алушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасалып, санитарлық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар Шымкентте зейнеткерлердің санаторлық-курорттық ем алуға кезекке тұруы бойынша онлайн қызмет іске қосылды. Азаматтар geo-shym.kz порталы арқылы өтініш беріп, кезек ретін онлайн бақылай алады.


