Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды

Oinet.kz 24-08-2026

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

"Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ол 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін Әлеуметтік салалардағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінің магистратурасын тәмамдаған (АҚШ, 2002 жыл). Бұған дейін мынадай қызметтер атқарды:

2002-2006 жылдары - Ernst & Young Kazakhstan салық бойынша кеңесшісі.

2006-2009 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" мұнай-газ компаниясы Салық есебі және салықты жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары - экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жылдары - экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі.

2016-2019 жылдары - ұлттық экономика министрі.

2019 жылы - Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылы - ҚР Президентінің көмекшісі.

2019-2022 жылдары  - Президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары.

2022-2023 жылдары - Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2023 жылы 4 қыркүйекте Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды.


В КазНУ обсудили политическую роль нового Курултая
Президент Құрылтай сайлауына баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу