Полиция қызметкері салдарынан жол көлік апаты орын алды

Oinet.kz 23-09-2019 892

Screenshot_6.jpg

Қостанайда тәртіп сақшысының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында болған.

«22 қыркүйек күні түнгі сағат 3.43-те полиция қызметкері мінген Mitsubishi Outlander көлігі жол қиылысында 32 жастағы жүргізушінің ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан «Ваз 2110» көлігі алдында тұрған «Ваз 2107» көлігіне зақым келтірген. Нәтижесінде «ВАЗ-2110» автокөлігінің 36 жастағы жолаушысы жарақат алды. Оған тізесінің жабық сынуы диагнозы қойылды. Ол бірден қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген полицияның ақпаратында.

Қазір осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, барлық жүргізушіге қанда алкогольдің бар-жоғына сараптама тағайындалды.

Абай Бегейдің екінші әйелі неге жылап қалды?
Полиция елу шақты адамды көшеден ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу