9 миллион теңге тұратын балықтарды заңсыз аулағандар ұсталды

image.png

Павлодар облысында 5 қазаннан бастап "Браконьер" жедел - алдын алу іс-шарасы басталды, оның аясында облыстың барлық аудандарында табиғат қорғау полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде құны 9 миллион тұратын 136 дана стерлядь тұқымды балық тәркіленді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоныс ауылына жақын жерде Ертіс өзенінің жайылмасында, ПД ЖПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері, ЖҚАЖ жауынгерлері Тереңкөл ауданының полицейлерімен бірге 1983 және 1963 жылы туған екі ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғындарының өзенге кеш келуі, әрине, тәртіп сақшыларына күдік тудырды. УАЗ автокөлігінің салонын тексеру кезінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау арсеналын анықтады.

Полиция қызметкерлерімен "НАNGKAI" маркалы моторы бар үрлемелі резеңке қайық, 5 дана балық аулау желісі, үшкір, қармақ, сондай - ақ, Тереңкөл тұрғындарының заңсыз аулаған - 136 дана стерлядь тұқымды балық тәркіленді.

Балықтың салмағы 35 кг-ды құрады - бұл салмақ аса ірі болып саналады. Шығын сомасы 9 млн теңгені құрады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағында жыл бойы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынды. Бұл шешім сирек кездесетін балықтардың санын сақтауға және арттыруға бағытталған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстың ауруханасындағы күрделі жөндеу аяқталды
  • Вице-министр: «Тұрғындар басқару органын таңдауға құқылы»
  • Марат Башимов: «Митингтерге рұқсат берілуі тиіс»
  • Димаш Құдайберген тыңдармандарын таңғалтпақ
  • Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы Алматыда аталып өтті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика