Адам зиялы болуы тиіс!

Oinet.kz 08-11-2019 993

зиялы адам.jpeg— Көпшілік зиялы адам деп көп оқыған, көпті көрген, жан-жақты білім (көбінесе гуманитарлы) алған, бірнеше тіл білетін адамды айтады.

Осының бәрі басына қонса да зиялы болмай қалған адамдар баршылық. Аталғанның бәріне қолы жетпесе де іштей зиялы болатын адамдар бар.

Зиялы болу тек білімге байланысты емес. Зиялы деп өзгені түсіне білетін адамды айтады. Оны мыңдаған ұсақ-түйектен байқауға болады. Мәдениетті түрде дауласа білетіндіктен, дастархан басында өзін тектеп ұстаудан, өзгеге білдірмей (еш сездірмей) көмектесетіндігінен, айналасын қоқсытпайтындығымен – темекінің тұқылын тастап, боғауыз айтпауымен, жаман ой таратпауымен (бұл да қоқыс).

Мен Солтүстікте бірнеше орыс шаруаларды танушы едім. Солар шын мәнінде зиялы адамдар болатын. Үйлері мұнтаздай, есті әндерге ықтиятты, бастан кешкенін тамаша суреттеп әңгімелейтін, тұрмыстары дәулетті, қонақжай әрі жайдары мінезді болатын. Өзгенің қайғысын бөлісіп, қуанышын бірге тойласушы еді.

Зиялылық – түсіне білу, бөлісе білу, фәни дүние мен тірі пендеге деген құрмет.

Д.С.Лихачев, «Письма о добром и прекрасном».

Аударған Шынар Әбілдә

Әркімнің өз биігі бар
Сен үшін бәрін ғалам жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу