«Балдыз қалың» деген салт-дәстүрді білесіз бе?

Oinet.kz 02-06-2020 1404

Қазақ халқының салт-дәстүрі көп екені бәріне мәлім. Барлығы дерлік тек тәлім-тәрбие мен үлгіге бай. Бүгінде аты жойылып, жоқ болып кеткен салт-дәстүрлеріміз қаншама?! Солардың бірі - Балдыз қалың. Бұл қандай салт-дәстүр?

8a443f5a19cef96aab42d9e2747370ac.jpg

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бибизия Қалшабаеваның айтуынша, "балдыз қалың"– қалың малдың бір түрі. Дәстүр бойынша айттырылған қалыңдық қайтыс болған жағдайда күйеуі балдызын алған. Жігіт оған ұрын барып қойса, онда бұрынғы қалың малдың үстіне "балдыз қалың" төлеуі тиіс. Оған түйе бастатқан тоғыз мал кіреді. Ұрын келмесе, ол қалың мал төленбейді. Ал қалыңдықтың басқа сіңлісі болмаған жағдайда бұрын төленген малдың жартысы қайтарылады.

"Жалпы, қазақта балдыз алу кездеседі, ол бертінге дейін бірлі-жарым кездескен. Мұнда да қосымша қалың мал берілген. Балдызын алу көбіне жиендеріне өз анасының сіңлісі бас-көз болсын, өгей шешеге жаутаңдамасын деген мақсаттан туындаған", - дейді Қалшабаева.

Әмеңгерліктің бір түрі

Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы "балдыз қалың" дәстүрін әмеңгерлікке теңеп отыр. Оның да негізгі мақсаты – баланы өгей қылмау, анасынан кем көрмейтін адамның бауырына басу.

"Қазақ басқа ұлтқа қарағанда өмірдің мәнін жақсы білген ғой. Ұрпақ тәрбиелеуді, жақсы ұрпақ қалдыруды мақсат тұтады. Бүкіл өмірін соған арнайды. Анасы қайтыс болғанда баласы жетімдік көрмеуі керек. Ал баласына кім қарайды? Әкесі басқа әйел алса, бала өгей болып қалады. Сондықтан қазақта "балдыз қалың" деген дәстүр болған. Қайын жұрты балаларға өз баласындай қарайтын қалыңдықтың ең жақын адамын берді. Қазақта ондай дәстүр кең өріс алған. Әрине, бәрі екі жақтың келісімімен жасалды", - деді Ысқақ.

Кәрі жіліктің киесі
Бекболат Тілеухан алғаш рет 14 баласын елге таныстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу