«Қайғы үстіне қайғы жамалды»: Телепродюсер Бейсен Құранбектің анасы туралы айтты

Oinet.kz 26-06-2020 2217

Бейсен Құранбекпен он жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген телепродюсер Әлия Құдайбергенова желіде оның анасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады. Күні кеше белгілі журналистің анасы қайтыс болғаны туралы қаралы хабар тарады. Қарт әже ұлынан кейін бір айдан соң өзі де өмірден озған деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Screenshot_1.jpg

"Айтуға оңай" бағдарламасының продюсері болған Әлия Құдайбергенова Бейсен Құранбектің отбасымен өте жақын араласуда. Ол тележүргізушінің қазасынан кейін де марқұмның жанұясымен байланысын үзбеген. Телевизия маманы Бейсен ағасының анасымен өткен аптада ғана сөйлесіп, қал-жағдайын білген. Оның айтуынша, жақында Ямалиға әжейге ота жасалған. Дәрігерлер бәрі сәтті өткенін хабарлағанымен, ана жүрегі ұлының қазасына шыдас бермеген көрінеді. 

"Ол кісі өте жақсы адам еді! Бір апта бұрын сөйлесіп ем. “Рақмет, айналайын. Жақсымын, шүкір. Айтуға оңайдағы” Әлиясың ба? ” деп еді, әлсіз үнмен. Дәрігері “ота сәтті өтті” деп еді. Аға өзіңізді жүрегі езіле жақсы көруші еді. Денсаулығыңызды қатты уайымдап, жанын қоярға жер таппай кетіп еді, соңғы бір жылда. Сіздің де ғазиз жүрегіңіз ұлыңызға дегенде бөлек еді. Ақыры сол жүрек шыдас бермеген екен де. Дүйім жұрт сүйген балаңызды “Бейсен менің ұлым ғой” демей-ақ, әруақ сыйлап, енеңіздің көңіліне қарап, салиқалы қалпыңызда кете салдыңыз-ау! Бүгін өмірге Бейсендей ұлды әкелген Ямалиға анамыз 73 жасында бақилыққа аттаныпты. Амал не, қайғы үстіне қайғы жамалды. Иманы жолдас болсын" , - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Ел арасында кең тараған ырым-тыйымдардың құпиясы неде?
«Үйіміз мәйіт сасып кетті»: Алматылықтар туыстарын жерлей алмай отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу