Еркектер неге ез болып кетті, оған кім кінәлі екені белгілі болды

Oinet.kz 27-09-2022

Қазіргі таңда әйелдер тарапынан ер азаматтарды өте жалқау проблема шеше алмайды деген сынды көп естиміз. Оған басты себеп әйелдердің еркектерге тиесілі жұмыстарға араласуы, және жылдар өте сол жұмыстың өздеріне міндет болып қалғанын білмей қалуында жатыр. 

Screenshot_3.jpg

Мысал айтайын, құрылыс материалдары сататын магазинде  обойды, ваннаны, унитазды әйел таңдап жүргенін көрдім. Еркек жәй қасында жүр, ештеңе шешпейді онымен санасып жатқан жоқ. Қыз бала анасының шаңырақты басқарғанын көріп өссе, жағдай тіптен қиын. Ол кейін тұрмыстық өмірде міндетті түрде ер азаматына үстемдігін жүргізуге тырысады. Сөйтіп жүріп, әйел өз басына еркекке тиесілі міндеттерді ала бастағанын өзі де аңғармай қалады. 

Ал, еркек болса уақыт өткен сайын, әйелдің өктемдігі артқан сайын ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН ЖОҒАЛТЫП, ЕЗГЕ АЙНАЛА БАСТАЙДЫ. Бұл індет жылдар жылжып, асқынған кезде: еркектің қандай проблема болса да бас қатырмауы, отбасының болашағына немқұрайлылық, барлық ауыртпашылықты әйелге ысырып қою сияқты әрекеттермен көрініс таба бастайды. 

Тағыда бір мысал айтайын, мектептерде  Староста ылғи қыздар, еркекті басқаруға сол кішкентай кезінен бейімделеді. Әйел басқарған ортадан мықты азамат шықпайды. Сынып жетекшілерде ылғи әйелдер. Ата-аналар жиналысына келетінде  әйелдер. Қай жерде болмасын проблеманы еркекті араластырмай өздері шеше береді. Мектептің чаттарында да мамалары отырады. Осындай көзге көріне бермейтін детальдардың арасында өскен жігіттен не күтеміз? Қаншама жерден гендерлік саясат дегенімен, еркектің рөлінің артуына әйелдер мүмкіндік бермесе болашақта зардабы үлкен болады.

Бейбіт Қазыбековтың Facebook парақшасынан

Әзілдеп айтып жездесін шалқасынан құлатқан ер адамның оқиғасы
Байқамай өз ата-анасын өлтіріп алған қыз хикаясы


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×