«Құлтемір» емес «адам» болыңыз!

Oinet.kz 18-06-2019 1405

құлтемір.jpg 

Ғылыми техникалық прогрес дамыған жиырма бірінші ғасырдың адамы болғандықтан өзіміз жайлы мәселелерді көп қарастырмаймыз. Мысалы, теледидардан не газеттен жаңалықтар қарағанда ел жаңалықтарынан әлем жаңалықтарына қызығушылығымыз жоғары. Сол секілді өз қателіктерімізге қарағанда өзгенікін көруге биімбіз. Бір сәт ойланып қараңызшы, қарапайым құлтемірлер яғни роботтардан ойлана білмесек неміз артық? «Құлтемір» деген атаудың өзінен олардың тіршілік категориясында ең төменгі сатыда тұрғандығы айқын ғой. Ал, осы «құл» сөзінің  бағыныштылық сатысындағы сөз екендігі жалған емес. Компьютер және түрлі смортфондар мәлімет базасын алудың оңай жолы бола тұра, оның өзін дұрыс қолдана білмейміз. Ал ол мәселеге тоқталғанда сағым құмдай сырғыған уақытыңыз есіңізге түссе, өкініш өзегіңізді өртері хақ.

Әмиянымыздағы ақшамыз жәй қағаз емес пе? Оның өзін есеппен жаратамыз. Ал, неліктен амант саналатын, әрі санаулы ғана 24 сағатымызға жауапкершілікпен қарамаймыз? Кейде әумесерлікке салынып, шамадан тыс ұйықтаймыз. Сол кезде асығысып сыртқы ортадағы сыйымыздың қаңқасы саналатын сырт келбетімізге де мән бермейміз. Өзін сыйлай білмейтін адамның өзгелерге деген сыйы-жасандылық екендігі көрген көзге анық қой. Асығыс-үсігіс тағдырдың бір  нүктесінен екіншісіне жол тартамыз. Солай біз елемейтін нүктелер саны артып отырады. Ал, өмір дәптеріміздің соңғы беті ғана ойланып жазылады. Ондай шимай-шатпақ кітапты оқыр ма едіңіз. Демек, Қадыр Мырза Әлі айтқан «Адам боп келген дүниеден, адам боп кету көп қиын» сөздің шынға айналары рас. Себебі, көбіміз жер бетінде арнайы бағдарлама жүктелген «құлтемірден» парықсызбыз.  Нарық заманында өмір сүретіндігімізді алға тартып, кейде басымызды тек есептеуіш машинкалар атқаратын қызметке жұмылдырамыз. Ойпырмай, сонда біз шын өмірді қашан сүреміз. Өмір сүрем деп жиған қағаз ақша, «өмір сүр» деп берген уақытымызды өлтіретін «жендет» екендігін аңғармағанымыз ба?

Көп философтардың өмірін қарастырсақ. Басым бөлігі математик. Алайда, философияға елеулі үлес қосқан. Олар есепті ойламады деу жалған шығар. Геометрияда көп кездесетін «Пифогор теоремасының» авторы Пифогор да философ қой. «Философия» -жаратылыс пен тіршілікке қатысты ойдың жиынтығы. Демек философтар яғни ойшылдар барлығына қалай үлгеруде?

Сіз жай ғана «кім болам» деп ойлауды жоғары категория деп сұрыптайсыз, бірақ «кіммін» деп сұрақ қойып, жауап іздедіңіз бе? Дұрысы сіз осы сұраққа «мұғалім яки студент» деп мансаптық тұрғыда жауап бересіз. Ал менен сұрасаңыз сіз «адамсыз»(егер де лайық болсаңыз)! 

Рене Декарт айтқандай, «Ойлаймын демек бармын, бармын, демек ойлаймын» дейтін адамдар көп. Бірақ , көбіміз не ойлауды білмейміз. Адамдар қараңғыда жарықты ойлауы мүмкін, жарықта қараңғыны ойлайтындар кемде кем, немесе жоқтың қасы.

құл.jpg

Өзін өзі басқара алмайтын адам-құл. Ол кімнің құлы? Әлбетте, қоғамның құлы. Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам диді. Бұл ой материалдық тұрғыдағы санамыздың айнасы. Тұлға бұл тұйыққа ойлана білмеген жағдайда тірелмейді, дұрыс ойлана білмеген жағдайда ғана тіреледі. Әр сәтті дұрыс бағамдамай, қасқырға жем беріп, қойға ет беретін кезіміз қанша. Қоғамның емес, жекелей тұлғалардың қатесінен ата-бабаларымыздан қалған қанша сөзді өзгеріске ұшыраттық десеңізші? Ал адами тұрғыда ойлансақ, біз тек қана өз өмір сүру формамызды ғана реформалауға құқылымыз. Ал ғасырдан мұра саналатын дүниелерге тырнағымыздың ұшы да батпауы тиіс. Мысалы, Леонордо до Винчидың салған суреті саналатын «Монна Лиза» картинасы. Оны салған да адам, тек ұзақ сақталған демесеңіз, бояуын дұрыс пайдалана білген қаламгердің туындысы ғана. Жақсының аты, ғалымның хаті өлмейді дейтін халықпыз. Дұрыс өмір сүре білген әр адамның дара жолы-тұнған даналық жинағы. Неге артымыздан шам жағып кетпеске. Зат құрлы құнымыздың жоқтығы ма? Жақсы жасалған тарихи бұйымдардың өзі музейдің төрінде тұрады ғой. IQ деңгейі жоғары Энштейннің миындай миымыз аукционда миллиардтарға бағаланбаса да, жағымсыз киіпкер ретінде тарих қатпарында ескерусіз қалып қоймайық.

«Егер адам өз бостандығы үшін күресе білмесе, ол құл болуға лайық!» деген екен француз философы Виктор Гюго. Яғни, әр адам өзін қоғамның құрушы күші ретінде сезініп , жауапкершілік танытпаса, ол қоғамның құлына айналады. Адам өзін өзі дұрыс басқара білмесе, өзге адамдардың ойыншығындай әңгіме. Ойлай білетіндігі үшін де жоғары санатта екендігін ұмытқан адам, адамдықтың надандық атты көлеңкесі ғана. 

 Көптеген мемлекеттердің тарихының көлеңкелі жылдары саналатын «Ұлы отан соғысының»  айыптысы саналатын Гитлерді алып қарайықшы. Империяға айналған елдердің езгісінен босау үшін бас көтерді. Нәтижесінде, елін одан да ауыр жағдайға алып кеп соқтырды. Еділ, Дон өзендерінің ағыс куәгері Еуропадан аққан қанның өзі бір өзен болуға шақ қалды. Гитлер-елдің миы ретінде ойланды. Алайда, жапа шеккен халық. Кей расталмаған мәліметтер бойынша біз өлді деп білетін Гитлер Антрактидаға экспидициямен кеткен. Қалай болса да, ол тарихта қалды. Біарқ көлеңкелі жылдардың көлеңкесінде надандықтың тәжін киіп портреттелді.  Оның ой өрісінің жоғарылығы, немесе саяси сауаты тек « Майн Камф» еңбегін оқығандарға ғана мәлім. Ал әлемдік кітапханалардың сөресінде ол кітап тиым салынған кітаптардың көшін бастайды. Жаһандық қоғамдық ой біреу. Кінәлі-Гитлер, жауыз да Гитлер!

Сол себепті даналығыңызды дұрыс пайдалана білгеніңіз абзал.  Өзіңізді қоғамдық орындарда дұрыс ұстай алмасаңыз қасықтап жиған абыройыңыздан бір сәтте айрыласыз. Мысалы, әлемдік жұлдыз Бритни Сприс түнгі клубтың алдында наша әсерімен ел алдында шешінуге барған. Бритнидің бұл әрекетін нашаға итермелеп,ақтағысы келгенмен, мұнда наша шеккен адам сүттен ақ, судан таза емес қой. Ол өзін құрметтей білмегендіктен шыққан әдет. Өзін құрметтей білмеген адамды ел құрметтесе, құмға сіңген сумен тең. Қысқа уақыттың ішінде кеуіп үлгереді. Ал өзін құрметтей білген адамның сыйы-биікте. Өзгелерді билеген билік-биіктік емес, өзіңді билеген билік-биіктік.               

P.S.Анти дәуірдің шешені Демосфеннің тілінде мүкіс болған екен. Теңіз жағасына ұңғыма қазып сонда сақал-мұртын қырмастан өмір сүріпті. Сақал-мұртын қырмау себепті, сол түрмен ел алдына шығуды мықтап намыс санайтын көрінеді. Ол-өзін сыйлағандық. Аузына ұсақ тастарды толтырып самалға қарсы айғайлап сөйлейді екен. Көптеген ділмар шешендердің кітабынан жаттаған асыл сөздерін машық барысында көп айтатын көрінеді. Ол солай сақаулығын жеңіп қана қоймай, санасын да дамытқан деседі. Сол еңбегінен соң гректердің шешендерді дайындайтын мектебіне барыпты. Алдыңғы іріктеулерде қабылданбаған Демосфеннің қабылданғанына барлық ел таң-тамаша болыпты. Оны машықтанудан алдын сыйламағандар, ерекше сый-құрметке бөлепті. Ол сақаулығын табиғаттан көрмеді. Өзінен кемшілік іздеді. Еңбектенді, және шеккен бейнетінің зейнетін көрді. Көптеген мотивациялық кітаптардағы айқын түр беретін тұлға ретінде қатталды. Ол өзін-өзі сыйлады, сол арқылы өзгелерді сыйлатты. Сіз Демосфеннен кем емессіз. Мақсат етіңіз және сол мақсатқа жетіңіз.  Өзін басқара білмеген адам- құл. «Құлтемір» емес «адам» болыңыз! 

Өмірде жасалуы тиіс 20 қадам
Оразкүл Дәулетова, әнші: «Қырғыздың әнін айтам деп күлкіге қалдым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу