Жылы сөз де дертке дауа, жанға шипа

Oinet.kz 30-07-2023 596

d107c707-22de-4004-97f1-a36fbe7438f0.jpg

 

Бүгінде «бауырып ауырып, балтыры сыздамайтын» адам жоқ десек, артық айтқанымыз емес шығар.   Осындай кезде адамның бірінші кезекте медицинадан көмек іздейтіні түсінікті. Жаның қысылған кезде  ақ халаттылар деген абзал жандардың адам өмірінде қаншалықты маңызы барын терең түсінетіміз  рас. Алайда өз кәсібін адал атқарып,  науқастарға өзінің жылы сөзімен, аялы алақанымен шипа берген, «адам жанының арашасы» деген атқа лайық жандарға біз қаншалықты алғыс айтып жүрміз?

Соңғы  жылдары денсаулығым сыр беріп, Сайрам елді мекеніндегі №3 қалалық ауруханасында ем қабылдауыма тура келді.  Ақ халаттылардың жылы сөз де адамға шипа екенін мен осы ауруханаға келген кезде түсіндім. Медицина қызметкерлерінің науқасқа деген қарым қатынасы, әдебі мені ерекше сүйсінтті. Дәрігерлер де, медбикелер де нағыз өз ісінің шеберлері, алтын қолды мамандар. Бірнеше рет осында жатып ем қабылдадым, ешқайсысынан бір дөрекі сөз естігенім жоқ, әрқайсысы өзінің жұмысын жақсы біледі. Науқаспен жылы қабақ танытып сөйлескенде ет жүрегің кәдімгідей елжіреп кетеді.  Шіркін-ай, барлық дәрігер, барлық мейірбике осындай болсайшы деп армандайсың.

Ауруханың ішкі тәртібі де, тазалығы да, тамағы да, бәрі-бәрі керемет. Палаталардың іші жап-жарық, кең, тазалыққа қатты көңіл бөлінеді. Ал гүлдермен көмкерілген ауласында отырып тынығу адамға керемет эстетикалық ләззат сыйлайды. Адам келіп, тек емделмейді, айналадағы әдемілікті, сұлулықты көріп жаны рахаттанады. Күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, миың бір демалып, санаң сергіп қалады.

Осы орайда ауруханада керемет  атмосфералық ахуал қалыптастырып отырған бас дәрігер Сәрсен Пернебеков, бас дәрігердің орынбасары Орифжон Тойчибаев, бөлім меңгерушісі Гүлжахан Бердалиева, аға медбике Комила Касимова, мейірбикелер Зүлфия Наркулова мен Дурдона Азаматова кәсіби біліктілігі жоғары маман екеніне көз жеткіздім. Осындай абзал жандардың қызметі елдің алғысымен, ризашылығымен өрлей берсін деген тілек арнаймын!

Арыстан Қожамқұлов,

Шымкент қаласының тұрғыны.     

  


Байқамай өз ата-анасын өлтіріп алған қыз хикаясы
Бойы 1 метр 67 сантиметр жігіт мені лақтырып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу