Бойы 1 метр 67 сантиметр жігіт мені лақтырып кетті

Oinet.kz 08-11-2023 6670

Ол кезде Астанада тұрам-деп бастады әңгімесін бір дос қарындас. "Бір күні кешкілік бір жігіт жекеме шықты. Әп дегеннен сөзіміз жарасып, түн ауғанша сөйлестік.

49737600-1547217.jpg

Ертеңіне де, арғы күні де сол...тіпті бетімізге телефон құлағанша сөйлесетін болдық. Ақыры "жігітім" алдағы сенбіге кафеге шақырды. Жәй. Тек танысып шәй ішіп отырайық деп келістік. Бірақ қай кафе айтпады.

Сонда да сенбі күні ваннаға түсіп, киініп, боянып күтіп отырдым. Кеш болды. Тіпті ымырт түсіп қараңғы болды... "Жігітімнен" ұшты-күйлі хабар болмады... Өзім қоңырау шалуға я вацабына шығуға намыстандым.

Сонымен не басыңды ауыртайын? Сол хабарсыз кеткеннен, мол кетті... Арада біршама уақыт өткенде "Алматыға барам" деп пост салдым. Достарым "Жолың болсын" деп ақ тілектерін жаудырып жатты...

Кенет әлгі "жігітім" жерден шыққандай атып шықты жекеме.

"Менде Алматыдамын. Қазір осында тұрам. Келетін болсаң өзім күтіп алам" дейді дым болмағандай. Шыдай алмадым. Ана жолы алдап кеткенін бетіне айтып тастадым. Ол болса үнсіз біраз тұрды. Сосын "Сенің бойың ұзын ғой. Мен аласамын. Бар болғаны 1,67. Сенімен кездесуге намыстандым сол жолы" деп ақталды. Мен күліп жібердім де. "Қой. Жоқ. Менің бойым 1,63. Сенен де кішімін. Тек фотода ұзын сияқты боп көрінем" дедім... Сонымен арамыздағы реніш ұмытылып, тағыда бетке телефон құлағанша сөйлесетін болдық)

Ол бұл жолы  машинасымен күтіп алып, Алматыны аралататын болды. Самолёттің ұшатын-қонатын уақытын жазып алды. Алматыға бірінші баратын болған соң, әрі ешқандай туысым болмағаннан кейін, бір досым өз машинасымен күтіп алып, подружкамның үйіне апаратын болып алдында келіскем. Ол подружкам да фейсбук дос қой. Менің келетініме қатты қуанып жүрген. Мынау уәдені үйіп-төккен соң, күтіп алатын досқа рахметімді айтып, дос қызыма үйіне кештеу баратынымды ескерттім.

Бірақ бір рет алдап кеткен соң, көңілім бір түрлі сеніңкіремей де жүрді... Ұшатын күнде келіп жетті. Уәде бергіш "жігітім" тағы да ғайып болды.

Өз өзіме сенбей телефоныма жиі қараймын. Біресе вацапқа, біресе мессенджерге. Жер жұтқандай жоқ... Амалсыздан отказ берген досқа звандадым. Обалы нешік? Таң атпай күтіп алды. Кешке барам деген дос қызыма азанда жетіп бардым. Айтпақшы жолда келе жатып "жігітімнің" фейсбуктегі парақшасына кірсем...дым болмағандай екі-үш посты ұрып тастапты. Мені мүлде ұмытқан...

Атағы шыққан әжептәуір журналист қой. Фейсбукте достары көп.  Сенің де достығыңда бар. Бірақ, атын айтпай-ақ қояйын. Осыны пост қып салшы. Оқыса ұялар ма екен?"

Соны енді аманатқа қиянат қылмай, ерінбей жазып отырмын...

Мәлік Орақовтың Фейсбук парақшасынан

Жылы сөз де дертке дауа, жанға шипа
Арақ қойдыратын тәуіптер. Барғандар арақты қойып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу