Шерхан Егізбаевты еске алу турнирі өтті

Oinet.kz 01-07-2019 1229

Screenshot_47.jpg

Жуырда Шымкент қаласында  Шерхан Мұқанұлы Егізбаевті футболдан еске алу турнирі өткізілді. Елге  кеңінен танымал Егізбаевтар әулетінің құлыны, болашағынан көп үміт күттірген Шерхан жас та болса көпшілікті  мықтылығымен мойындата білген  жан еді. Қазақстандағы үздік жоғарғы оқу орнын бітірді, шетелде білімін жетілдірді, Астанада министрлікте жауапты қызметті абыроймен атқарды. Қысқа ғана ғұмырында биік белестерді бағындырған ол әсіресе спортқа аса бейім болатын. Жора-жолдастары Шерхан Мұқанұлын «біздің чемпион» деп  атап кетуінің өзі осының айғағы іспетті.  Содан болар, еске алу турниріне қатысқандар саны аз болған жоқ. Бас жүлдені сарапқа салған 8 команда өзара бақ сынасып,  турнир тартысты ойындармен ерекшеленді. Доданың қорытындысы бойынша «Достар» командасы  алдына жан салмады. Жеңімпаздарға сый-сияпатты Шерханның атасы Кеңесбек Егізбаев тапсырды. 

Сол күні «Балым» мейрамханасында Шерханның  рухына арнап ас беріліп, қасиетті Құранның аяттары оқылды.  Егізбаевтар әулеті алдағы уақытта бұл турнирді дәстүрлі түрде өткізуге ниеттеніп отыр. 

Түрік сериалдарының сиқыры неде?
Адам өмір бойы тәрбиеленеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу