Қанат Айтбаев ұлы Димашты сынаған Нұртас Адамбайды орнына қойды

Oinet.kz 03-09-2019 2499

9e258756ab781d75fa6dd04aae90413d.jpg

Фото: Нұртас Адамбайдың "Келинка Сабина" фильміндегі Сабина рөліндегі бейнесі

КВН-да ойнап, кейін кино түсіруге бет бұрған Нұртас Адамбайға Димаш Құдайбергеннің "Қалжыраған аққулардың махаббаты" әніне шетелде түсірілген клипі ұнамаған. Алдында "Игорь Крутоймен байланысыңды үз" деп ақыл-кеңес берген ол, бұл жолы Димашқа отандық Айсұлтан Сейітов деген режиссердің қызметіне жүгінуге кеңес беріпті. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев продюсердің бұл ұсынысына қысқа жауап қайырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мазмұнда желіде жарияланып, қызу талқыға түскен продюсердің жазбасы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаевтың да көзіне түскен. Ол кісі өздеріне ақыл берген Нұртас Адамбайдың жазбасы астына қысқа жауап қайырыпты.

Screenshot_5.jpg

"Сенің ақыл-кеңесіңді сұраған жоқпыз. Өз ісіңмен шұғылдансаң дұрыс болады" деп жазды Қанат Айтбаев.

Нұртас Адамбай да Димаштың әкесінің бұл жауабын жауапсыз қалдырмады:

"Достар, негативтің не қажеті бар? Ешкім Сіздерге жамандық қаламайды. Әлемге күліп қарасаңыз, әлем де Сізге құшағын жаяды" деп жазды ол.

Ал мынау Нұртас Адабайдың желідегі Димаштың бейнебаяны туралы жазбасы:

"Бұл бейнебаянды алғаш рет тамашаладым. Шындарыңызды айтыңыздаршы, Сіздерге ол ұнады ма? Менің пікірім: Димашқа бейнебаяндарының режиссерін ауыстыру керек. Неге өзіміздің отандасымыз Айсұлтан Сейітовты шақырып алмасқа, ол шынымен де керемет видеолар түсіреді.

Жерде жатқан қанаты бар адамдар – бұл оған нағыз керек емес нәрсе. Бұл менің жеке пікірім, менің қателесуім де мүмкін".

Ал алдында ол "Игорь Крутой уақытыңды текке кетіріп жатыр, онымен байланысыңды үз" деп те Димашқа ақыл айтып, желіде жазба жариялаған еді.

Жүлделі үшінші орын
Балаңызбен серуендей білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу