Құдай мені суретке түсіріп тұр

Oinet.kz 19-09-2019 1215

storm-3508531_960_720.jpg

Сол күні ауа райы жаман болып тұрды, тоқтамай күн күркіреп, шелектеп жаңбыр жауды. Кішкентай қыз әдеттегідей сабаққа жиналып, мектепке жаяу кеткен болатын. Бір уақытта найзағай тоқтамай бірінен кейін бірі жарқылдап, күн күркірей бастады. Кішкентай қыздың анасы «қызым найзағайдың гүрілінен қорқып қалады-ау» деген уайыммен мектеп жаққа жөнеледі. Мектепке жақындай бергенде қызын көреді. Кішкентай қыз баяу қадамдармен үй жаққа жүріп, найзағай ойнаған сайын тоқтап, басын аспанға көтеріп күлімдейді. Анасы қызының қасына жақындап, екеуі де машинаға отырған кезде қызынан сұрайды:

- Осындай найзағай мен күннің күркіреуінен қорықпадың ба? Найзағай ойнаған сайын басыңды аспанға неліктен көтеріп тұрдың?

Кішкентай қыз:

- Аспанға қарап күлімдедім, өйткені құдай мені суретке түсіріп тұрды...

Уругвай президенті қалай өмір сүреді?
Жақсы көргеніңізді айтыңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу