Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Oinet.kz 24-01-2020 1242

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Головкиннің промоутері Эдди Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына Oinet.kz  сайты сілтеме беріп.

a83cf1343efc216a4b31836423f8e2e8_XL.jpg

Сондай-ақ жекпе-жек өтуі мүмкін елдердің қатарында АҚШ бар, бұған дейін боксшылар Чикагода жұдырықтасады деп хабарланған. Кездесу 11 сәуірде өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Шеремета - IBF титулының міндетті үміткері. IBF мен IBО белбеулерін Головкин 5 қазанда жеңіп алған болатын. Сол жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.  37 жастағы Головкин карьерасында АҚШ, Германия, Дания, Панама, Украина, Монако, Ұлыбритания және Қазақстанда жұдырықтасқан. 

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда жеңіске жетті
Еуропа кубогында қазақстандық спортшы Анастасия Городко алтын медаль иеленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу