Атақты ережесіз жекпе-жек шебері төбелестен көз жұмды

Oinet.kz 12-09-2019 1883

Screenshot_2.jpg

Атақты өзбек спорт шебері Муслимбек Омонов 11 қыркүйек күні түнгі уақытта Ташкент қаласындағы кафелердің бірінің маңындағы шыққан төбелестен кейін ауруханаға жеткізіліп, нәтижесінде көз жұмған.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, сәрсенбі күні кафелердің бірінде жастар арасында келіспеушіліктер орын алып, соңы көшедегі төбелеске ұласқан.

Нәтижесінде 3 адам жарақат алған. Арасында спортшы Муслимбек Омонов та болған. алайда дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмаған. Алайда құқық қорғау органы оның қандай жарақаттардан, қандай зақымдардан қаза тапқанын айтпай отыр.

Қазіргі таңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр және кінәлілер 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

Данияр Елеусінов жеңілмеген американдықпен шайқас алдында мәлімдеме жасады
Головкин Деревянченкомен жекпе-жегі алдындағы жаттығуынан бейнероликпен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу