ҰБТ тапсыру форматы өзгермек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады.

ҰБТ.jpg

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғарғы оқудың ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университк  қосымша талап қойып, олардың санын әлдеқайда азайтып, олардың материалдық базасын нығайтамыз. Бізде педагогтерді даярлау өте маңызды мәселе, - деді Білім және ғылым министрі.

Аймағамбетов колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-дан 75%-ға дейін жететінін айтты. Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ын құрайды. Министр білім гранттарың құны артатынын атап өтті.

Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өсіру арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру, университеттердің материалдық базасын жақсарту көзделіп отыр. Бұл көптен күткен жаңалық. 2011 жылдан бастап грант құны жалпы бұлай өзгермеген. Осыған бюджетен 244 млн теңге қарастырылады. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлініп, 10 университет әлемнің үздік 500 университеті қатарына кіреді, - деді Аймағамбетов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Димаш Құдайберген әлемдік жұлдыздармен жарысып жатыр (фото)
  • Оралда екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызған «Гарант 24» директоры қолға түсті
  • Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды
  • «Гарант 24 Ломбард» филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды
  • Жол-патрульдік полициясының бір күні... Капитан толғақ қысқан келіншекке қалай көмектесті?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика