Түркістан облысы мектептеріне нашар бейнебақылау камералары орнатылған

Түркістан облысындағы бейнебақылау камералары білім беру ұйымдарының кіреберістері мен дәліздеріне қойылған және жазбаны сақтау қабілеттері төмен. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған «Бала қауіпсіздігі және білім саласындағы тәуекелдер» тақырыбындағы І ашық форумында облыс прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев айтты.

Screenshot_17.jpg

– Білім беру ұйымдарының барлығында дерлік (98 пайыз) бейнебақылау камералары орнатылған. Камераларды орнатып ғана қоймай, олардың дұрыс орнатылуын және үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау қажет. Негізінен камералар, білім беру ұйымдарының кіреберістері мен дәліздеріне қойылған және жазбаны сақтау қабілеттері төмен. Сондықтан, оқшауланған орындар мен аймақтардың барлығын бейне бақылаумен қамтамасыз етіп, бақылауды жүзеге асырушыларды анықтау қажет, – деді Артықбек Ашықұлы.

Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет үйінде ұйымдастырылған алқалы форумға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен бастап барлық аудан, қалалардың басшылары мен білім беру саласына жауапты орынбасарлары қатысып отырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жол-патрульдік полициясының бір күні... Капитан толғақ қысқан келіншекке қалай көмектесті?
  • Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
  • Қарумен бірге қашып кеткен сержанттың ауылдастары әскери жайлы бар шындықты айтты
  • Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді: 40 адам зардап шекті
  • Тоқаев Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика