Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға енді 42 500 теңге төленбейтінін кесіп айтты

Oinet.kz 03-07-2020 1548

Қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кесіп айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойды.

Вице премьер әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.

- Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сол себепті азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын, - деді ол.

Бас мүфти тойды тоқтату керектігін айтты
«Біріккен қазақ жамағатының» бұрынғы террорисі Думан іштегі өкінішін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу