Денсаулық сақтау министрі Цой Қытай елшісін «орнына қойды»

Oinet.kz 15-07-2020 9187

Қазақстанда  "белгісіз пневмония" жүріп жатыр деген Қытай елшісімен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сөйлескен. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

- Біз серіктестерімізбен, оның ішінде Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс істейміз. Бұл жаңалық шыққаннан кейін жаңа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой телефон арқылы сөйлесті. Біз мұны ұйымдастырып бердік. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді, - деді Ержан Ашықбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Қытай елшілігі осы әңгімеден соң, өз елінің азаматтары арасында таратылатын ақпаратқа тиісті өзгертулер енгізген.

Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Елбасы мафияға теңеген «СК-Фармация» қызметкерлері орта есеппен 852 мың теңге жалақы алған
«Басшылық арыз жаз деді» - министрдің ресми өкілі қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу