Кентауда жұмысшылар ереуілге шықты (видео)

Oinet.kz 12-02-2021 4576

Бүгін желіде Кентау қаласындағы трансформатор зауыты жұмысшыларының ереуілге шыққаны жөнінде видео тарады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Бейнекөріністерден байқалғандай, зауыт жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етуде.

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Түркістан облысы, Кентау қаласы трансформатор зауытының жұмысшылары айлығын көтеруді талап етеді, - дейді зауыт жұмысшысы.  

Еске сала кетейік, аталған зауыт республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт. Іргесі 1959 жылы қаланған. Зауыт негізінен электрмеханикалық жабдықтар жасайды. Ал зауыт директоры Хайрулла Қожабаев жуырда өткен сайлауда "Nur Otan" партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркелген болатын. Алайда кейін ол Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болды. 

ҚазҰУ-ға жаңа ректор тағайындалды
Түймебаев ұстаздардың жалақысын 20 пайызға көтеру туралы бұйрыққа қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу