Дариға Назарбаева жұмысқа әлі шықпай жатыр

Oinet.kz 09-02-2022 1652

Дариға Назарбаева сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысына қатыспады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_16.jpg

Бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавируспен ауырғандықтан, қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланды. Ол сырқаттан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр делінген еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді.

Ол президент жаңа премьер-министрді таныстырған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан. 

Елбасы қызының басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандаттан бас тартатын уақыты келді деген пікір білдірді.

«Қорытынды жасаңыздар». Мәжілістің жаңа төрағасы депутаттарға ескерту жасады
Ақтауда тегін үйді талап еткен көпбалалы аналар орталық көшені жауып тастады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу