Зеленский НАТО-ның Украинаны сатып кеткенін айтты

Oinet.kz 11-03-2022 2075

Украина Президенті Владимир Зеленский жаңа үндеу жолдап, Солтүстік Альянстың (НАТО) ұстанымын сынға алды. Ол НАТО-ның Ресейден қорқатынын, соның салдарынан бейбіт халықтың зардап шегіп жатқанын ашық мәлімдеді. 

Screenshot_11.jpg

-НАТО-ның саммитінен көңілім қалды. Бізге екіжүзді саясат  керек емес. Ал біз қатты үміттеніп едік. Солтүстік Альянстың қорқақтығынан Украинаның аспаны жабылмай жатыр. Рас, әскерімізге қару-жарақ, гуманитарлық  көмек көрсетілуде. Бірақ біз 50 тонна жанар-жағармаймен халықтың қанын жуамыз ба? Сондықтан мен бүгіннен бастап әрбір Украина азаматының қазасы Ресей әскерінің ғана емес, НАТО-ның да мойнында болады деп санаймын, деді Зеленский.

Алайда НАТО-ның бас хатшысы  Йенс Столтенберг Зеленскийдің ұсынысының дұрыс еместігін алға тартып отыр. 

-Украина Президенті бір нәрсені түсінбей отыр. Біз оған соғыстың алғашқы күндері Украина аспанын жаба алмайтынымызды айтқанбыз. Егер жабатын болсақ, Украинаға НАТО-ның әскері баруы керек. Сол кезде Ресейдің әскери техникасымен қақтығыс болса, соғыс өрті Еуропаға жайылып кетуі мүмкін. Ал ол бізге керек емес, – дейді бас хатшы. 

Кентауда парамен ұсталған әкімнің орнына жаңа әкім келді
Енді әкімдер халыққа есеп бермейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу