Террорист ел БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді

Oinet.kz 05-04-2023 350

CpcgFJ16637444152265_l.jpg

1 сәуірден бастап Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Алайда бұған Украина наразы. Украина басшысы Владимир Зеленский бұл халықаралық институт ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тығырыққа тірелгенін көрсететінін мәлімдеді.

Күн сайынғы кешкі мәлімдемесінде Зеленский Ресей жүргізіп жатқан басқыншылық соғыстан бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар опат болып жатқанын айтты.  Ол ғаламдық институттарға реформа қажеттігін атап өтті. «Террористер қандай да бір жерде төрағалық етудің орнына террор жасағаны үшін жауап беруге тиіс», деді Зеленский. Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін «1 сәуір күнгі ең нашар қалжың» деп атады. «Халықаралық қауіпсіздіктің басты ережелерін жүйелі түрде бұзып жатқан мемлекет мақсаты халықаралық қауіпсіздікті сақтау болып табылатын органға жетекшілік етеді»,– деді Кулеба.

The Guardian жазуынша, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдер Ресей төрағалық еткен шақта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдіктерінің деңгейін төмендетуі мүмкін. Алайда мәселе бойкот немесе протест жөнінде болып отырған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдің оған төрағалық етуінің көп жағдайда тек қағаз жүзінде мәні бар. Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 ел оған алма кезек бір ай сайын төрағалық етіп отырады. Олардың ротациясы әліпби негізінде жүзеге асады. Соңғы рет Ресей 2022 жылы ақпанда кеңеске жетекшілік еткен. Дәл сол айда ол Украинаға басып кірген.


Мұхтар Жәкішев: Қазба байлықты тамаққа айырбастап күн көріп отырмыз
Ердоған үшінші мәрте президент болмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу