Аружан Саин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Screenshot_2.jpg

Аружан Саин мемлекет басшысының үкімімен бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Танымал қоғам қайраткері Instagram парақшасында жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

Аружан Саин өзіне жылы лебіздер мен тілектермен жолдаған, сондай-ақ одан әрі жақсы жұмыс істеу үшін бағыт көрсеткен барлық адамдарға алғыс білдірді.

"Достар, жылы сөздеріңізге, тілектеріңізге көп рахмет! Бұл үлкен жауапкершілік, алда бізді талай жұмыс күтіп тұр.", - деп жазды ол.

Уәкіл бұған дейін бір бос минутының болмағанын, UNICEF өкілі Артур ван Дизенмен кездесуден шыққанын жазды.

"Әрине, қорқыныш сезімі бар. Сенімдеріңізді ақтауға, жоспарларымызды жүзеге асыруға бар күшімді саламын", - деп бөлісті қоғам қайраткері.

Естеріңізге сала кетсек, 18 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдерге оқуға тыйым салынады?
  • Берік Уәли, Президенттің баспасөз хатшысы: «Қытай – Құдай қосқан көршіміз»
  • Елбасы: "Халықаралық қаржы орталықтарының сенімін нығайту керек"
  • Абаев: "Біз президентіміздің қытай тілін білетінін мақтан тұтуымыз қажет"
  • Қызғаныштан әйелін атып өлтірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика