Марат Бекетаев тұтқындалатын күні елден қашып кетпек болған

Oinet.kz 23-10-2023 477

photo_448131.jpeg 

Тұтқынға алынған бұрынғы әділет министрі елден қашып кетпек болған.

Orda.kz порталының  жазуынша, 21 қазан күні жауапкершіліктен сытылу үшін таңертең ол  Стамбулға, одан әрі Лондонға ұшпақ болған. Экс-министр біраздан бері ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген. Қылмыстық іс бойынша ол алдымен куәгер болған, кейін күдіктіге айналған.

Тергеу амалдары халықаралық сот процестеріне қатысты жүргізілген. Сот процестерін Бекетаевтың қатысы бар Bolashak Consulting Group компаниясы жүргізген. Сонымен бірге Бекетаев Мәсімов арқылы шетелге активтерді шығарды деген күдікке іліккенге ұқсайды.

Бекетаев тергеу амалдарының беталысынан қорқып, 21 қазанда таңертең бөтен адамның көлігімен әуежайға келіп, «Астана-Стамбул-Лондон» бағытына билет алған. Ол осы кезде ұсталған.          


Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы болды
«1990 жылы 25 қазан сағат 18.55-қабылданған маңызды шешім»: Қайта оралған Республика күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу