Смайыловтың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы болды

Oinet.kz 20-10-2023 575

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың әкесі Асхан Смайыловқа Жамбыл облысының құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Бұл мәселе сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында қаралды. Комиссия отырысы 18 қазанда өткен.

Асхан Смайыловтан бөлек, тізімде 7 азамат бар. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкесі жайлы құттықтауларының бірінде былай деген еді:

"Менің әкем Асхан Смайылов өмірін медицинаға арнап, дәрігер болып қызмет етті. Бала күнімізде бұл мамандықтың маңызы мен жауапкершілігін сезініп өстік", - деген еді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, премьер-министрдің әкесі Асхан Смайылов мамандығы бойынша - дәрігер. Алматыда бас хирург болып және №7, №17 ауруханаларда бас дәрігер болған.

Құрметті азамат - кеңестік конституция талаптарын бұлжытпай орындап, адамгершілік үлгісін танытқан, коммунистік құрылысқа үздік еңбек сіңірген барлық азаматтарға берілетін атақ. Республикалық дәрежедегі "Құрметті азамат" атағы Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен, ал қалалық, ауылдық дәрежедегі атақтар жергілікті Кеңестердің шешімімен беріледі. Құрметті азамат атағын беру кеңес адамдары арасында коммунистік тәрбиені нығайтып, оларды жаңа еңбек табыстарына жетуге жігерлендіруді мақсат етеді.

АҚШ президенті Израиль мен Украинадағы жағдайға байланысты халыққа үндеу жасады
Марат Бекетаев тұтқындалатын күні елден қашып кетпек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу