Шымкенттің әкімі пиар жасағанды жақсы көре ме?

Oinet.kz 08-12-2023 516

500a89cee77b46da83a954b05be53606.jpeg 

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте пиарға қатысты сауалға жауап берді.

-Шымкентке әкімі болып келген кезде журналистермен кездесу болды. Ашығын айтайын, әріптестерім жиынға тек әкімдіктің ыңғайындағы журналистерді шақыруды ұсынған кезде мен қарсы болдым. Кейбір нәрселерге өзіндік көзқарасы барларды да шақырдық. Біз бәрінің пікірімен санасамыз.  Демократия, сөз бостандығы бар. Бұл біздің Президентіміздің «Халықтың үніне құлақ асу» тұжырымдамасына да сай келеді. Пиарға қатысты айтар болсам, мен басында өзіммен бірге жұмыс істейтін әріптестеріме айтқанмын, «бұл бағытта жұмыс істемейміз» деп,  өйткені әкімнің мойнына жүктелген міндеттер бар, ол тек халық үшін жұмыс істеуі қажет, біз тек өзіміздің жұмысымыздың жемісі бойынша  пиар жасайтынымызды дәлелдейміз,-деді Сыздықбеков.  


«Мұз сарайының» сатылуына қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр
Бірыңғай уақыт белдеуін енгізгеннен не ұтамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу