«Мұз сарайының» сатылуына қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр

Oinet.kz 07-12-2023 612

KBO_9506_0.jpg

Шымкентте «Мұз сарайының» жекеменшікке сатылуына қатысты құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков елордада Орталық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

Журналисттің осы жөнінде қойған сауалына әкім бұл мәселе антикордың қоғамдық ұйымдармен бірлескен отырысында көтерілгенін, қазіргі уақытта нысанның сатылуына қатысты құқық қорғау органдарының тексеру амалдарын жүргізіп жатқанын айтты. Журналист нысанның баяғыда сатылып кеткенін, бұл мәселенің неге бұған дейін көтерілмегенін сұрады. Ғабит Сыздықбеков өзіне дейінгі мәселеге қатысты сұрақтарға жауап бере алмайтынын мәлім етті.

Еске сала кетейік,  бұған дейін  «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкенттегі «Мұз сарайын» әкімдік  сауда саттыққа шығарып, оның белгілі бизнесмен Серікжан Сейітжановтың иелігіндегі компанияның сатып алғанын жазған болатын.  

«Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сүйенсек, 2016-2023 жыл аралығында осы өзіміз сатып жіберген Мұз сарайын №8 қысқы ойындар бойынша олимпиадалық резервті дайындайтын жасөспірімдер мектебінің балалары жаттығу үшін жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық ақшаға жалға алып отырған. Нысанды жекеге 128 миллион теңгеге сатып жіберіп, жыл сайын 100 миллиондаған ақшаға жалға алу қаншалықты тиімді?»-деп жазған болатын Д.Смағұлов.

 


Ғ.Сыздықбеков топырақ жолдардың мәселесін жаңа технологиямен шешпек
Шымкенттің әкімі пиар жасағанды жақсы көре ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу