Ғ.Сыздықбеков топырақ жолдардың мәселесін жаңа технологиямен шешпек

Oinet.kz 07-12-2023 705

408162466_1154069309085889_6981338600493718007_n.jpg 

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков топырақ жолдардың мәселесін шешетінін айтты. Бұл үшін қалада жаңа технологиямен жол жабыны төселуде.

  «Биылдан бастап топырақ жолға заманауи технологияларды қолданып, ресайклинг тәсілімен жол жабыны төселуде. Бұл тәсіл оң нәтижесін беріп отыр. Өзекті мәселені ескеріп, келер жылы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржы көлемін едәуір ұлғайттық. Осының есебінен ұзақ жылдан бері келе жатқан топырақ жолдар мәселесі шешімін табады», - деді қала басшысы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында өтіп жатқан брифингте.

 


Құлыбаевтың «атжалмандары» ұрлаған активтер қайда?
«Мұз сарайының» сатылуына қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу