Сенаторлар шетелдік көліктердің утильалымын төмендетуді ұсынды

Oinet.kz 29-03-2024 192

1688366609_news_b.jpeg 

 Б.Орынбасаров бастаған бір топ сенаторлар Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, шетелден әкелінетін көліктерге салынатын алымды төмендетуді ұсынды. Хатты былай делінген:

 -Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына импорттық автокөліктердің кедендік алымдары, кәдеге жарату және бастапқы тіркеулердің мөлшерлемелеріне қатысты азаматтардан ұдайы өтініштер келуде.

Аталған мәселелер бойынша Парламент депутаттары бірнеше рет депутаттық сауалдарды да жолдады. 

Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан екі жақты да қанағаттандыратын нақты экономикалық есептерге, ғылыми қорытындыларға негізделген шешім әлі күнге дейін ұсынылған жоқ.

Қалыптасқан жағдайдың өзгеріссіз жалғасуы азаматтарымызға «автокөлік сатып алу» мәселесін жылдан-жылға қол жетімсіз етуде.

Осыған байланысты, азаматтардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдарды талдау негізінде анықталған мәселелерге тоқталғым келіп отыр.

1) Кәдеге жарату мен бастапқы тіркеу алымы енгізілгенге дейін, Қазақстанның жеңіл көлік паркі жыл сайын орта есеппен 280 мың көлікпен толықтырылып отырды.

Мәселен, 2005 жылы жеңіл автокөліктер саны 1,2 миллион бірлік болса, 10 жылда ол 4 миллион автомобильге дейін өсті. Осы кезеңде көліктердің орташа жасы - 18 жылдан 12 жылға дейін жақсарды.

Қазіргі таңда, Қазақстандағы жаңа автокөліктің қымбаттылығы, кәдеге жарату және бастапқы тіркеу алымы жұмыс істеген 8 жылдағы көрсеткіштері «жеңіл автокөлікдер паркінің құрылымын» теріс өзгертті.

Осы шаралардың салдары жеңіл автокөліктердің паркін 4 млн-нан 3.7 млн-ға дейін төмендетті, автокөліктердің орташа жасы 12 жастан 21 жасқа дейін өсті.

Жалпы 2022 жылдың басында 10 жастан асқан автокөліктердің үлесі 63 пайызды құрады.

2022 жылғы жағдай бойынша салыстырма ретінде өзге ел автокөліктерінің орта жастарын алып қарайтын болсақ. Ресей - 14, ЕО бойынша – 11,8, АҚШ – 12,2, Беларуссия - 12,3, Қазақстан - 22 жасты құрайды.

2) Мәселені тұрақтандыру үшін 2016 жылдан бастап, жеңіл автокөліктерге кәдеге жарату коэффициенттері екі рет өзгерді.

Еліміздің автопаркін жаңарту үшін бұл шаралар жеткіліксіз болғандығын тәжірибие көрсетіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше кәдеге жарату коэффициенттерін қайта-қарау шаралары жүйелі экономикалық талдаусыз дөрекі есептелген.

Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей. Ал, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінде жеке тұлғалар үшін жеке тарифтер әлдеқайда төмен болып келеді.

Анықтама ретінде: Қозғалтқыш көлемі 1-ден 2 м³ дейінгі  автокөлікдерді сатып алушылардың негізгі массасы үшін кәдеге жарату алымының мөлшері тек жарты миллионға азайды. Ал, 3 м³ автокөліктерге 3,5 млн-нан 1,8 млн теңгеге дейін қысқарды.

Жоғары аудиторлық палатада жалпы қайта өңдеу жүйесін сыни тұрғыдан бағалағаны белгілі. Мемлекеттік аудиторлар – экологиялық тазалық деңгейін жақсарту жұмыстарына моральдық және техникалық жағынан ескірген көлікті төмендету есебінен қол жеткізілмегенін растап отыр.

3) Сонымен қатар, сарапшылар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы да халықты жаңа автокөліктермен қамтамасыз ету мақсатына жете алмады деген қорытындыға келген.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 7 жыл ішінде нақты берілген қарыздардың жалпы сомасы 299,3 млрд теңгені құрады.

Жеңілдетілген автонесиелерді беру - ескірген автокөліктер үлесінің төмендеуіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөлікдердің жалпы санының тек 1%-ы жеңілдетілген кредиттеу бағдарламалары шеңберінде сатып алынды.

Бірақ, қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық тудырып отырған бастапқы тіркеу мөлшерлермесі еш өзгеріссіз қалуда.

Бүгінгі күні, 3 жастан асқан авто үшін бастапқы тіркеу мөлшерлермесі 2024 жылы 1,8 млн теңгеден астам сомманы құрайды.

Өзге елдерде жоқ алым тарифының жоғары болуы халыққа бірден төлеуге тым ауыр.

Сондықтан, бастапқы тіркеу мөлшерлермесін халықаралық тәжірибиелердің негізінде талдаудың уақыты келді - деп пайымдаймыз. 

4) Жаңа және сапалы автокөліктердің қол жетімсіздігі машиналарды есепке қоюдың заңсыз жағдайларының көбеюіне себеп болды (заң бойынша талап етілетін алымдарды төлемей). Мемлекетке келтірілген залал қомақты шығындарға бағалануда.

Сәйкесінше, Қазақстан криминалды жолмен әкелінген автокөліктердің тұрақты жинақталатын «Автохлам» мемлекетіне айналды.

Авто нарықта құқықбұзушылық факторлар көбейген соң, қарапайым халықтың көпшілігі амалдың жоқтығынан қайталама нарықта өскен бағамен сатып алуға мәжбүр.

Бағаның арзан уақытында алып үлгерген азаматтар қолда бар ескі көліктерін мүмкіндігінше жамап мінуде.

5) Қосымша айта кететін тағы бір мәселе көлік-логистиканың тұрақтығы.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев көлік-логистика саласы - экономика артерияларының бірі екендігін айқындап, оның елдегі ЖІӨ - дегі үлесін ұлғайту керек - деп біршама тапсырма да берді.

Қазіргі тендеция бойынша интернет – сауданың және жеткізу қызметтерінің қарқынды дамуының және 3PL қызметтеріне сұраныс күн сайын артып жатыр.

Еліміздегі автокөліктердің әбден тозуымен логистикадағы 3PL қызметтерінің қалай дамитыны біз үшін түсініксіз.

Қалыптасқан жағдайды отандық автоөндірістің мүддесінің көзқарасымен ғана емес, толықтай көлік-логистика саласының призмасымен қайта қараған орынды болар еді.

 

Құрметті Олжас Абайұлы!

 

Жоғарыда аталағандардың негізінде, сондай-ақ азаматтармен өткізілген кездесу нәтижелері бойынша келесіні ұсынамыз:

1) Қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі үш жастан аспайтын автокөліктер үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері 150 000 теңгеден аспайтындай етіп қайта қарауды;

2) Кедендік бажды есептеу кезінде кедендік торды азайту жағына қарай қайта қарау. Қазіргі уақытта автокөліктердің көпшілігі әсіресе Қытайдан Қазақстанға Қырғыз Республикасы арқылы әкелінетіні фактілер бар, өйткені автокөлік иелері ҚҚС пен баждарды біздің мемлекетімізге қарағанда бірнеше есе аз төлейді;

3) Шығарылған жылын қоса алғанда, бес жылға дейін көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесін 0,25 АЕК қарастыруды;

4) Көлік-логистика саласына автокөліктердің қолжетімсіздігі қаншалықты әсер етіп жатқандығы бойынша талдамалық шаралар жүргізуді ұсынамын.

Аталған ұсыныстар Қазақстан азаматтарына сапалы және қолжетімді автокөліктермен жаңартуға мүмкіндік береді – деп сенеміз.

 

 

 


«Күтіңіз! Мен келемін!». Мақсұт Исахов түрмеден хат жазды
Мәулен Әшімбаев Түркістанда ауыз суға қатысты жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу