Шымкентте оқушылар автобуста тегін жүреді

Oinet.kz 11-04-2024 344

434415538_122137045028193890_1601069590206077127_n.jpg 

Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүретіндердің қатары көбейді. Енді оқушылар да автобуста тегін жүреді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Онда былай делінген:

-- Қоғамдық автобустар - тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін, халықтың басым бөлігінің пайдаланатын көлігі.

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтар қатарын көбейтуді жөн көрдім.

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі жоғарыда аталғандардан бөлек, келесі санаттағы азаматтарға да қолжетімді болады:

1)Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандарға;

5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде адамдарға;

8)екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

9) мүгедектігі бар балаларға;

10) 70 жастан асқан зейнеткерлерге;

11) оқушыларға.

Бүгінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру сапасы менің бақылауымда, бұл қызметті жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.

 


Әулиеден қорықпайтын әкім
Қанат Бозымбаев: Су тасқыны аймағынан 100 мыңға жуық адам көшірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу