Шымкенттік студент Францияда өткен чемпионатта жүлдегер атанды

Oinet.kz 26-09-2024 145

 1.jpg 

Шымкенттік студент Францияда өткен чемпионатта жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 «WorldSkills» Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды.

Мақсаты — бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Францияның Лион қаласында «WorldSkills Lyon-2024» халықаралық чемпионаты бастау алды.

Халықаралық чемпионатқа 70 мемлекеттен келген қатысушылар 62 түрлі кәсіби шеберлік бойынша бақ сынады. Кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

Қазақстандық колледж студенттері «WorldSkills – 2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді. Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.

Қазақстан Республикасы құрама командасы да осы мемлекеттердің қатарында болып, соның ішінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінен «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша Лион қаласындағы халықаралық «WorldSkills -2024» чемпионатына «WorldSkills Kazakhstan -2022» Ұлттық чемпионатының І орын иегері – Досова Айгерім Русланқызы қатысты.

Әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінген Досова Әйгерім Русланқызы «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша медальон жеңіп алып, жоғары көрсеткішке ие болып, топ  жарды.


«Үркер» сыйлығының номинаттары белгілі болды
Жапаров Ақаевтың басты қателігін атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу