Генерал Таевтың отставкасы: Сот Шымкент полициясындағы жемқорлық бойынша үкім шығарды

Oinet.kz 16-04-2025 405

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шымкент қаласы Полиция департаменті қаржылық қамтамасыз етру басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды.

Screenshot_4.jpg

Онымен бірге онымен бірге басқармадағы бөлім қызметкерлері және мердігер компанияның директоры сотталды.

Сот үкіміне қарағанда, Б.Баянов басқарма басшысы ретінде «Сателит-А» ЖШС-інің диекторы Т.Костинмен сыбайласып, оған 74 миллион теңге пара берген жағдайда мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы ете алатынын айтқан. Костин оның бұл ұсынысына келісімін берген. Мердігер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылып, ақша банктегі есеп-шотына түскен бойда 74 миллион теңген Баяновқа жеткізіп берген. 

Абдалин департаменттің бас маманы бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін өзі және басқа адамдар мен ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында заңсыз түрде бір көзден сатып алу тәсілімен «Сателит-А.» ЖШС-мен 370 000 000 теңге көлемінде келісім шарт жасаған. Қабылов департаменттің бөлім бастығы бола тұра өз міндеттерін тиісінше орындамай, қызметке адал және ұқыпты қарамай, жоғарыда көрсетілген келісім шарттағы техникалық сипаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін жеткізілген тауарларды қабылдап алған.

Сот, Баяновты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Абдалин Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мердігер  алаяқтық бабы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Алайда сот оның жазасын шартты деп белгіледі. Бөлім басшысы   2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын алды. 

Естеріңізде болса, былтыр қыркүйекте Шымкент Полиция департаментінде шенділердің ірі көлемде парамен ұсталғаны туралы ақпарат таратылып, осыдан кейін департамент басшысы, полиция генералы Думан Таев отставкіге кеткен болатын. 

Қылмысын мойындаған кім? Дәлелсіз сотталған кім? ​
Әкімдіктер өртке дайын емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу