Сауран мен Төлеби аудандарында жерге қатысты заңсыздықтар анықталды

Oinet.kz 05-05-2025 46

 20240204154242281_big.jpg

Түркістан облысының прокуратурасы жер заңнамасы саласында заң бұзушылықтарды анықтады   Түркістан облысының прокуратурасы жер телімдерін заңсыз беруге, ресімдеуге және оларды мемлекет меншігінен шығаруға байланысты жер қатынастар саласында бұзушылықтарды анықтады.

Аталған органның таратқан ақпаратына қарағанда, Сауран ауданында жалған құжаттар негізінде көлемі 2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері жеке тұлғаларға ресімделген, кейіннен олардың нысаналы мақсаты бизнес үшін өзгертілген.   Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 320 млн теңгеге залал келтірілген, сондықтан 2 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

  Төлеби ауданында комиссия шешімісіз 23 жер теліміне қатысты жер учаскелерін табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту және жалға беру мерзімін ұзарту туралы заңсыз жағдайлары анықталды. Осы ауданда жеке меншікке 39 жер телімі берілген, алайда іс жүзінде заңнамада белгіленген мерзімде игерілмеген. Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, іс-құжаттар прокуратураның АЕК-на тіркелді жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.   Жалпы, 2025 жылдың I-тоқсанында облыс прокуратурасының актілері негізінде мемлекетке кадастрлық құны 2 млрд теңгеден асатын жер қайтарылды.


Амалбек Өміртай жаңа қызметке тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу