Өзбекстан шекарасынан өту тәртібі жеңілдейді

Oinet.kz 22-05-2025 37

24441761a01f7bc7e916eee61acfcfa3_original.171461 (1).jpeg 

Аталған ұсыныс елге келетін туристер санын арттыру жөніндегі президент жарлығында жазылған. Құжатқа Шавкат Мирзияев 15 мамырда қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Президент тапсырмасына сай, Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі үш айдан кешіктірмей Қазақстан, Ресей және Әзербайжан мемлекеттерімен келіссөз бастауы тиіс.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қырғызстан азаматтары Өзбекстанға жеке куәлікпен келе алады. Екі ел арасында шекарадан ішкі құжатпен өту тәртібі 2023 жылы енгізілген.

Еске салайық, былтыр Олий Мажлистің Заң шығару палатасы депутаттарының алдында сөз сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарын жеке куәлікпен қабылдау тәртібін енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Сонымен қатар Өзбекстан 1 маусымнан бастап Бахрейн, Кувейт және Оман азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізеді.

 


Исахов. Жұмашев. Сарбасов – Елді шулатқан қылмыстық істерді не байланыстырады?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу